ҚАЛАДА ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛАТЫН АРНАЙЫ БЕЛГІЛЕР ОРНАТЫЛДЫ
Шу қаласындағы Тоғай мен Қант зауыты мөлтек аудандарындағы каналдарға арнайы тыйым салу белгілері орнатылды. Әдетте мұндай орындарға сүңгуірлер тексермеген, ағыны қауіпті, иірімі қатты, құтқарушылар және дәрігерлер бекеті жоқ орындар кіреді.
Қазіргі кезде төтенше жағдай қызметкерлері мен полиция қызметкерлері және әкімшілік мамандары бірлесіп жағдайды бақылап, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін рейдттік жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Оқыс оқиғаның алдын алу үшін әкімшілік жауап та қарастырылған. Айталық рұқсат етілмеген аймақтарға суға түскендерге алдымен ескерту жасалады. Егер мамандар айтқан кеңеске құлақ түрмеген, ескертуді елең қылмағандар анықталса, ондайларға айыппұл салынады.