«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЫ ТАЗАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЫ ТАЗАЛАНДЫ
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза жағалау» атты экологиялық сенбілік өтті. Акцияға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Ақжайық Хаметова бастаған «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің қызметкерлері қатысты. Олар Шардара ауданындағы демалыс аймағының жағалауын тазалады.
Жаз бойы тұрғындар демалатын демалыс орнын күл-қоқыстан тазарту мақсатында өткен акцияға сенбілікке келгендердің барлығы біркісідей атсалысты.
Акцияны ұйымдастыруға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйытқы болды. Ауданның тазалығына үлес қосқан табиғат жанашырлары облыс тұрғындары мен Шардараға демалуға келген қонақтарды қоқыс тастамауға, табиғатты аялап, су қоймасының жағалауын қорғауға шақырады.
Жалпы саны 50-ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық акциясында Шардара жағалауының бойы ретсіз күл-қоқыстан тазартылып, жиналған қоқыстар техника көмегімен арнайы орынға жеткізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі