Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласы бойынша жаңашылықтар.
«Әділет органдары туралы» Заңның негізгі жаңалығы 22-2 және 23-1-баптарымен толықтыру болып табылады, яғни орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, мәслихаттар мен олардың аппаратарының, әкімдіктердің, әкім аппараттарында, облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА-ды шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласында мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі айқындалған.
Сонымен, мемлекеттік бақылауды әділет органдары тексеру субъектілеріне бару арқылы жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізеді.
Әділет министрлігі Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдарда, аумақтық әділет органдары — жергілікті атқарушы және өкілді органдарда, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асырады.
Тексерулердің мақсаты: лауазымды адамның «Құқықтық актілер туралы» Заңының 35-1-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осындай тіркеуге ұсынбау фактілерін анықтау және болғызбау; Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының күші жойылған, сот жарамсыз деп таныған не қолданысы тоқтатыла тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген не белгіленген тәртіппен жарияланбаған НҚА заңсыз қолдану фактілерін анықтау және алдын алу, сондай-ақ НҚА мемлекеттік тіркеу саласында сапаны қамтамасыз ету және заңдылық режимін күшейту бойынша әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Жамбыл облысы Әділет депараменті
А.Нурмаханбетова