ТАҒАЙЫНДАУ
Сақыпбеков Жұмат Жұмабекұлы 1980 жылы 22 тамызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген.
2002 жылы М.Х Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін «экономист» мамандығы және 2011 жылы аталған университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Жайылма ауылындағы Әйтеке би атындағы орта мектепте есепші болып бастаған.
1999-2000 жылдары «Көгалдандыру және көріктендіру» мекемесінің инспекторы,
2001-2002 жылдары Сарысу аудандық денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған есеп бөлімінің топ жетекшісі, бас есепшісі,
2002-2010 жылдары Сарысу аудандық аумақтық емханасының бас бухгалтері, бас дәрігердің экономикалық сұрақтары жөніндегі орынбасары,
2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық емханасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас есепшісінің орынбасары, бас дәрігердің экономикалық сұрақтары жөніндегі орынбасары,
2012-2013 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы,
2013 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі,
2013-2018 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы,
2018-2019 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесінің кадрлық, қаржылық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы,
2019 жылдың наурыз-мамыр айларында Сарысу ауданы әкімі аппаратының аударма жөніндегі редакторы,
2019-2021 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы,
2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы,
2021-2022 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі,
2022-2023 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
2023 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Отбасылы, 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.