ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Ақсу ауылдық округіне қарасты Оразалы батыр ауылының тұрғындары ағын суға қатысты мәселені көтеріп, оның оңды шешілуіне атсалысуымызды сұраған еді. Күні кеше елді мекенге арнайы барып, тұрғындармен бірге мәселені көзбен көрдік.
Ауылдықтардың айтуынша, ауыл ішіндегі арықтарға және елді мекен маңындағы 500 гектар егістік жерге ағын су келмейді. Дәлірек айтқанда, өткен ғасырда бұл жердің барлығы ағын судан тапшылық көрмеген. Ал, ауыл ақсақалдары сол кездегі суару жүйесін қайта қалпына келтіруді сұрап отыр. Рас, бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындардың егістікпен айналысып, бау-бақша арқылы табыс табуына жол ашады.
Алайда, оған бүгінде жарамсыз күйге түскен “Атбасшы” каналы қолбайлау болып отыр. Ауыл ақсақалдарымен бірге аталған мәселені шешудің тиімді жолдарын талқыладық. Ендігі кезекте каналдың қазіргі ахуалын жан-жақты зерделеп, қалпына келтіру мәселесін қарастыратын боламыз. Нақты шешімі шығарылып, бір байламға келген жағдайда бұл жұмыстың ауқымы өте үлкен болатынын да айта кеткеніміз жөн.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі