Қазақстандықтар 22 шілдеде автокөліксіз жүрмек

Елімізде 22 шілдеде «Автокөліксіз күн» челленджі өтеді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында отандастырымыз бір күн көліктен бас тартпақ.

Осылайша, ауаның ластануы мен улы газдардың бөлінуін азайту көзделіп отыр.

Ұйымдастырушылар азаматтарға қоғамдық көлік, велосипед, скутер немесе жаяу жүруге кеңес береді.

Қатысушылар #Автокөліксізкүн хэштегін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде фото немесе бейнероликтер бөлісе алады.

24.kz.