КЕЗДЕСУ

Бүгін ауданымызға ҚР Ұлттық академиясының құрметті академигі, Педагогикалық білім беру, Халықаралық, Қазақстан және Ресей педагогикалық академияларының академигі, Қазақстанның тұңғыш сенаторы, ҚР Ұлттық білім академиясының президенті, Республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы келді.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Өмірзақ Озғанбайұлының қатысумен кездесу жиыны өтті.
Жиынды аудан әкімі Сәкен Мамытов ашып жүргізді.
Кездесуге, аудандық ардагерлер кеңесінің, аудандық алқа билер кеңесінің, аудандық қоғамдық кеңестің төрағалары, Жаңатас қаласы және ауылдық округ ардагерлері кеңесінің төрағалары, аудандық ардагерлер кеңесінің, қоғамдық кеңестің мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиында сөз сөйлеген Өмірзақ Озғанбайұлы мемлекеттің саясаты, елдің дамуындағы ел Президентінің рөлі, ұлттық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесі, ел басқару ісіндегі қариялардың алар орны, бүгінгі ұрпақтың аға буын алдындағы парызы, ардагерлер ұйымының жұмысының бағыттары туралы кеңінен айтты.
Тағылымға толы келелі кездесуді аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы қорытындылады.
Мәртебелі мейманмен бірге Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, ҚР Журналистер Одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Қазақстанның Құрметті журналисті, облыстық «Ғұмыр-Дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов болды.