ЖАМАН КӨРШІ…….

…Персия патшасының Абдулла атты уәзірі бар еді. Соның заманында жұрт бұзылыпты. Бір күні уәзір патшаға келе жатқанда халық қамап, «Дегенімізді істе», — деп ішінде бір батырлауы уәзірді сақалынан алып жұлқылады.
Уәзір ашу етпеді. Бұлардан шыққан соң, патшаға барып, «жұрттың тілегін беріңіз», — деп өтініп, елдің тілегенін жасатады, және өзінің көрген кемшілігі үшін ешкімге жаза бермеңіз деп тілеп алады. Ертеңінде уәзірге бір саудагар келіп:
-Тақсыр, кеше Сізді ренжітіп, сақалыңыздан жұлқылаған кісіні айтайын деп келдім. Ол, Нағым деген менің көршім еді. алдырып жаза беріңіз, — деді.
Бұл сөздерді есіткен соң, уәзір саудагерді қайтарып, Нағымды шақыртып алды.Нағым: «Менің кешегі ісімді біреу айтып танытқан екен», — деп қорыққанынан үрейі кетіп, келе сала уәзірдің аяғына жығылды.
Сонда уәзір Нағымды жерден көтеріп алып айтты дейді:
-Мен сені жазалау үшін шақырмадым. бірақ, көршің саудагер жақсы кісі емес екен, сенің білместігіңді маған келіп айтты, екінші рет ол көршіңмен сақтанып жүргендей екенсің. Соны айтайын деп шақырған едім, енді аман бол! — депті…
Лев Толстойдың әңгімесінен….