ЕЛДОС СМЕТОВ ЕЛІНЕ АЛТЫННАН ШАШУ ШАШТЫ!

Міне,нағыз ҚАЗАҚИ мінез!

Міне,нағыз ҚАЗАҚИ арман!

Міне,нағыз ҚАЗАҚИ мақсаткерлік!

Міне,нағыз ҚАЗАҚИ күрес!

Осының бәрі — дзюдо шебері Елдос СМЕТОВТЕ болды!  Еліне  сонау Парижден АЛТЫННАН ШАШУ  ШАШҚАН  сол Елдос  СМЕТОВ!!!  Айналайық Елдосынан!

…Сонау Рио төрінде күміс алып қалғанда лапылдап құшақтаған бізді «жерге түсіріп»: «Аға,Олимпиаданың алтынын алмай қоймаймын!» деп еді жанары жарқ етіп.

…Токиода қола болды.  Жылдар өтіп жатыр…   Азамат екен,айтқанын орындады:  Уәдеге берік болсаң қазақтың Елдосындай берік бол!  Уәдеге берік болсаң Қазақтың азаматындай берік бол!  Сол елдің ұлы болғанымызға ризамыз.

Айналайын халқымыз!  Енді АЛТЫННАН  ШАШУДЫ  БІЗ  ЕЛДОСҚА  ШАШАЙЫҚ!!!   Ол сондай шашуға лайық ҰЛ!  Бәріңіздің ұлдарыңыз ЕЛДОСТАЙ бола берсін!!!

…Әттең,өзінен кейін күрестен 40 жыл чемпион шықпағанына жылап-жылап  кетіп еді жан досымыз Жақсылық Үшкемпіров.  Ештеме етпес,Жақаңа да рухы арқылы жетіп жатқан шығар.  Бір аунап түсіп жатсын Жақсылығымыз.  Ол күнге жеткізген де ҚАЗАҚТЫҢ  ҰЛЫ  ЕЛДОС !!!

Несіпбек Жүнісбаев