ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕКШІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА 57 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Алматыда байдарка мен каноэде есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Түрлі бағдарламалар бойынша 21 алтын, 15 күміс және 21 қола медаль жеңіп алған Түркістан облысының командасы бірінші орынға ие болды.
15 алтын, 17 күміс және 9 қола жүлдемен Шымкент қомандасы екінші орынға ие болса, Қарағанды ​​облысының командасы жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Айта кетейік, жарысқа еліміздің 12 облысынан ескек есу шеберлері қатысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі