Шетелде қиянат көрген жетімнің еліне жазған сәлем хаты

…Жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған қазақ едік… Өкінішті-ақ! (автор)

Америкадағы асырап алған өгей әкесіне 8 жасынан зорлық көрген 
17 жастағы жетім қыздың еліне айтқан сәлемі

Қазақстаннан 2004 жылы бала асырап алған АҚШ-тағы бір отбасының азғын әрекеті, күллі әлем жұртын дүр сілкіндіргені естеріңізде болар. Америкалық өгей ата-ана Джозеф пен Линда Мэйоттар Солтүстік Қазақстан облысынан (Петропавл қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленуші 8-11 жасар ағалы-қарындастарды) асырап алуға әкетіп, оларды ұзақ уақыт бойы сексуалдық қорлықта ұстаған. Арада 4 жыл өткеннен кейін ғана Мэйоттардың қылмыстық әрекеті әшкереленді. Бүкіл әлем көз тіккен сот процесі аяқталып, 50 жастағы Джозеф Мэйоттың асыранды қызын 8 жасынан бастап зорлағаны 11 эпизод бойынша дәлелденіп, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Ал оның әйелі Линда 13 жастағы жасөспірімді зорлады деген айыппен 22 жылға темір торға тоғытылды. Он бір жасар асыранды баласын зорлап жыныстық қатынасқа тартқан Линда кейіннен өгей ұлынан бала көтергені де соттың зерттеу қортындылары бойынша анықталған көрінеді. Бұл жантүршігерлік оқиға шетелдіктерге бала беру мәселесінің күңгірттігін дәлелдеп бергендей болды. Бірақ, солай болды екен деп оған алаңдаушылық танытып, басы ауырып отырған Үкімет жоғы өкінішті-ақ!

Ей, жаратқаным, жар ием,
Мезгілсіз сөнергүл ме едім,
Қисыны кеткен тағдырдың,
Алдымда соры тұр ма едің!

Анашым болған бақташым,

Алаңдап маған жүр ме едің,

Тағдырым жазған маңдайға,

Бес елі сорымды, білмедің!

Керегім жоқ, еш пәндеге,
Тұлдыр жетім, Тұл! едім,

Күнім төмен, малдан да,

Айырмам жоқ, Құл! едім!

Баянсыз өтті балғын шақ,%d0%b9%d1%86
Көре алмай ана мейірімін,
Сатуға мені қалай қиды?!,
Адамдық деген мейірімің!

Қан жылаған жүрегімнен,
Артық па алған пұлдарың,
Көк қағаздан артық па еді?!
Сатылған қыз бен ұлдарың.

Қиянат, зорлық-зомбылық,
Бәрін де, бастан кешірдім!,
«Қазақ»,- деген ұлтым сені,
Жүректен сызып, өшірдім!!

Тұлдыр жетім қор болып,
Сатылған күңнің! бірімін,
Жәбірге көрген шыдамай,
Өлгім келді! бірақ тірімін!

Сатылған жатқа күңмін ғой,
Демесем де өзімді, тектімін,
Тартқан қасірет ұмытылмас,
Жүрегімде кетті! кекті мұң!

Таттырып дәмін жырақтың,
Басынан құздың құлаттың, 
Шалына жаттың зорлатып, 
Ел жұртым мені жылаттың!

Өшірдің отын әдейі үрлеп,
Жаңадан жанған шырақтың,
Арымды төккен шалменен,
Алдында соттың сұраттың!

Қорлық бар ма мұнан асқан,
Айтшы, елім сенен сұраттым,
Саудалап шетке бей күнәнің,
Қаншасын тағы да жылаттың.

Қайда екен? тапқан Анашым,
Кеттім ғой көрмей, қарасын!
Ұмытқам жоқ, ойнақ салған,
Қазағымның жұпар даласын!

Кешпестей күнә жасадыңдар,
Елім болып! Әке! Ағаларым!
Аяққа басып тұрсыңдар ғой!
Аманатын, өткен бабаларым!

Өгей көріп, өзегінен теппеші!
Өз елінде болсын, балаларың!
Бар шығар біздей қыздарың!
Басқарған елін, көке ағаларым!

Сәлеммен: (жәбірленуші, жетім қыздарыңыз)-делінге хатта!

БАҒДАЛ АҚЫНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі