ТҮЛКІБАСТА ӨТКЕН СЕНБІЛІКТЕ 8 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Түлкібас ауданындағы Майлыкент ауылдық округінде сенбілік шарасы ұйымдастырылды. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгінде тазалық науқанына Түлкібас ауданына қарасты барлық ауылдық округ пен кент тұрғындары жұмыла атсалысуда.
Акция барысында Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, тазалық жұмыстарына 50-ге жуық аудан тұрғындары мен еріктілер қатысып, 2 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 8 тоннаға тарта күл-қоқыс шығарылып, арнайы полигондарға жеткізілді. Сенбілікте көше бойлары, көпшілік орындар, тұрғындардың жеке жайлары қоқыстардан тазартылып, тал көшеттер суғарылуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі