ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚХР БІРЛЕСКЕН ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Қытайлық «Бачжоу» халықаралық сауда палатасы өкілдерімен кездесті. Кездесу барсында Түркістан облысы мен ҚХР арасында инвестициялар тарту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.
Өз кезегінде Қытайлық кәсіпкерлер екі ел арасындағы сауда-саттық, түрлі жер қойнауындағы пайдалы қазбалар және құрылыс материалдарын шығару, ет экспортын дамыту және тері өңдеу мен тағам өнеркәсібі бойынша облысқа инвестиция салып, бірлесе жұмыс істеуді ұсынды.
Жиын барсында «Бачжоу» халықаралық сауда палатасының өкілі Ми Вэньин Яньхун Түркістан облысы мен ҚХР арасында бірлесе өндірісті дамыту үшін индустриалды аймақ ашуды ұсынды.
Алдағы уақытта ұсыныстар қаралып, екіжақты жұмыстар жүргізіліп, Қазақ — Қытай бірлескен жобалардың санын арттыру жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі