Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – басым бағыттардың бірі

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы қағидаттарына негізделеді.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру болып табылады.

Мәселен, мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Осы орайда, Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша бірқатар талдаулар жүргізілді.

Атап айтқанда, мемлекеттікқызметшілергееңбекдемалысын беру, іссапаршығындарынтөлеу,сондай-ақ сыйлықақыберукезіндезаңнаматалаптарыныңсақталуынатиістіталдауларжүргізілді.

Талдау қорытындыларымен қабылдаған шаралардың нәтижесінде 137 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы                       654 754 теңгеге тиісті өсімпұл соммалары төленіп, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, 8 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы                 495 604 теңгені құрайтын іссапар шығындары төленді.

Одан бөлек, жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізудің 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес Департаменттің мамандарымен 14 мемлекеттік органда мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 8 қызметшіге жалпы 7 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді.

Сондай-ақ, жұмыс уақыты режимінің сақталуына қашықтықтан «Е-қызмет» АЖ арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде 95 мемлекеттік қызметшіге 130 сағаттан астам қосымша демалыс уақыттары берілді.

Осы бағыттағы жұмыстар әрі қарай тұрақты түрде жүргізіліп, заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Жамбыл облысы бойынша департаменті