Еркек пен әйелдің бір күнгі күнделігі…..
Ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас, күнделікті өмір түйткілі, әйел жанының нәзіктігі мен ер адамның өзіне тән мінезі бейнеленген.
Әйелдің күнделігі: Кеше кеште ол расында бір түрлі болды. Мен онымен сырттан тамақтануға уәделескем. Алайда бір досыммен базар аралап зат сатып алдым. Содан сәл кешігіп барып едім, ол соған ренжіді ме, білмеймін, қабағы түнеріп отырды. Мені елеп-ескерген жоқ, отырысымыз көңілсіз болды, мен өздігімнен одан кешірім сұрап, көңілін ашайын деп ойладым. Алайда ол түнерген беті оңалған жоқ. Не болғанын сұрасам, «ештеңе болмады» дейді. «Маған ренжідің бе?» деп сұрасам, «бұның сенімен қатысы жоқ» дейді. Үйге қайтар жолда оған өзін сүйетіндігімді айттым. Ол үн-түнсіз жүре берді. Титтей емеурін білдірген жоқ. Түсінбей қалдым. Ол неге маған «сені де сүйемін» дей салмайды?! Үйге келгенде одан қорқа бастадым, байқасам ол енді менімен бірге болмайтындай. Тек теледидардың алдында мелшиіп қана отырды. Әлі үн жоқ. Оның көңілі менде емес екенін байқадым.Мен оның алдында жоққа тән болдым. 10 минуттан кейін ол төсекке бас қойды. Осы орайда күйеуіммен жақсылап сыр шертіспек, түсініспек болып едім. Бірақ, ол сәлден соң қорылдапү ұйықтап кетті. Мен қатты азаптандым, жылай-жылай шаршап менде ұйықтап кетіппін. Мен қазір оның сыртта көңілдесі бар екеніне сенімдімін. Болмаса ол неге маған бұлай істейді. Қайтсем болады? Бұл өмірдің енді маған қажеті не?..
Күйеуінің күнделігі: Әкеңді… Италия командасының жеңіліп қалғанын қарашы.