Жамбыл облысы елді мекендерінің аэрофототүсіріліммен қамтылуы

Аэрофототүсірілім дегеніміз – жер бетін ұшақтан немесе басқа ұшқышсыз ұшақтан суретке түсіру процесі.

Аэрофототүсірілім дегеніміз – жер бетін ұшақтан немесе басқа ұшқышсыз ұшақтан суретке түсіру процесі. Аэрофототүсірілім – жүргізілген түсірілім учаскелерінде объективті кеңістіктік деректерді алу, зерделеу және ұсыну мақсатында атмосфералық ұшу аппаратында орнатылған аэрофотоаппараттың көмегімен аумақты Жер бетінен белгілі бір биіктіктен суретке түсіру болып табылады.

Аэрофототүсірілім жұмыстары өз кезегінде математикалық есептеулер мен координаттық жүйелер негізінде картографиялық деректерді, яғни әрбір елді мекеннің даму жоспарларының (бас жоспарлар мен оңайлатылған сызба, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары), қала құрылысы талаптары (қызыл сызық, әртүрлі қорғау аумақтары, өндірістік аумақтар) мен нормаларын, бос жер учаскелерін белгілі бір масштабпен байланыстыруға арналған негіз (іргетас) болып, ақпараттық жүйелерге орналастыру арқылы белгілі бір аумақтағы деректерге онлайн қолжетілімділікті қамтамасыз етеді.

Жамбыл облысы бойынша барлығы 371 елді мекен бар.

Оның ішінде:

— Облыстық маңызы бар – 1 қала;

— Аудандық маңызы бар – 1 қала;

— Шағын – 2 қала;

— Халқының саны 5 мыңнан жоғары – 29;

— 5 мыңнан төмен – 338 ауылдық елді мекен бар.

Бүгінде облыс елді мекендерінің масштабы 1:2000 және 1:500 құрайтын аэрофототүсіріліммен қамтылуы 84,1 пайызды (312 елді мекен) құрап отыр.

Бұл бойынша 2021 және 2024 жылдары облыстың қалалары мен аудан орталықтарына, елді мекендеріне 1:2000, 1:500 масштабтағы аэрофототүсірілім жүргізілген болатын.

Атап айтқанда:

1) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан 2021-2022 жылдары аралығында 1:2000 масштабтағы аэрофототүсірілім жұмыстары 282 елді мекенге жүргізілген;

2) Жергілікті облыстық, қалалық әкімдік тарапынан 2023-2024 жылдары аралығында 30 елді мекенге аэрофототүсірілім жұмыстары жүргізілді:

2021 жылы: Тараз қаласы әкімдігі тарапынан, Тараз қаласының жалпы ауданы 243 км2 құрайтын аумаққа аса жоғары шешімді масштабы 1:500, кеңістіктік рұқсаты 5 см/пиксель болатын аэрофототүсіру жұмыстары орындалды.

2023 жылы:

— Сарысу ауданы Жаңатас қаласы;

— Талас ауданы Қаратау қаласы;

— Шу ауданы Шу қаласы мен Төле би ауылы;

— Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы;

— Жамбыл ауданы Аса ауылы;

— Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы;

— Қордай ауданы Қордай ауылы;

— Меркі ауданы Меркі ауылы;

— Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы;

— Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылы.

2024 жылы:

— Тараз қаласының жаңа құрылыс нысандары бой көтерген жалпы 6300 гектар аумағына жүргізілген аэрофототүсірілім жаңартылып, қалаға қосылатын 12 906,7 аумаққа,

— Қордай ауданы Отар ауылына,

— Сарысу ауданы Саудакент ауылына,

— Шу ауданы Бірлік, Қонаев ауылдарына жүргізілді.

Жалпы, қазіргі уақытта облыстың қалалары мен аудан орталықтары және халқының саны 5 мыңнан жоғары елді мекендері 100 пайыз аэрофототүсірілім жұмыстарымен қамтылды.

Облыстың қалған 5 мыңнан төмен 59 елді мекенге аэрофототүсірілім жұмыстары алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Бұл өз кезегінде, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағы «Жер учаскелерінің, табиғи және минералды учаскелердің кадастрлық жүйелерін интеграцияланған дамыту үшін біріңғай цифрлық платформада экономика салаларының кеңістік деректері инфрақұрылымын құру» тапсырмасын сапалы, уақытылы орындауға септігін тигізетін болады.

Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ,

Облыс әкімдігінің

сәулет және қала құрылысы

басқармасының басшысы