Әбілдаев Ернар Ғалиұлы Меркі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Меркі ауданы әкімінің өкімімен Әбілдаев Ернар Ғалиұлы Меркі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
☑️Әбілдаев Ернар Ғалиұлы 1991 жылғы 11 маусымда Меркі ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2013 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Туризм мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2015 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаменті индустриялық-инновациялық даму мониторингі басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы болып бастаған.
2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының сарапшысы;
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы;
2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы;
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті директорының орынбасары;
2023-2024 жылдары «Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары;
2024 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
Үйленген, отбасында 3 бала тәрбиелеп өсіруде.
❗️Аудан әкімінің жаңа орынбасары экономика, қаржы, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары салаларына жетекшілік етеді.