ЖАСТАР АРАСЫНДА ӨНЕР КЕШІ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Халықаралық жастар күнін атап өту бойынша «Жастармен бірге» атты ұлттық жастар онкүндігі өтуде. Жоспарға сәйкес «Жастар FEST» жобасы аясында Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толуына «Желсіз түнде жарық ай» атты жастар арасында өнер кеші өтті. Кеш барысында Ұлы ақынның қарасөздері мен шығармаларынан үзінділер айтылып өлеңдері оқылып әндері шырқалды. Сондай-ақ, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс — шараларды өткізетін облыстық орталықтың «Бозторғай» үлгілі ән би ансамблінің өнерпаздары және облысқа белгілі жас айтыскерлер мен ақындар өнер көрсетіп, арнайы қойылған қойылған караоке бұрышында Абай әндері орындалды.
Іс-шараға Тараз қаласы, Жуалы, Жамбыл аудандарының белсенді жастары, ЖРО қызметкерлері мен волонтер жастары қатысты.