ШУ АУДАНЫНДАҒЫ КІТАПХАНА ОҚЫРМАНДАРЫ АБАЙ ОҚУЛАРЫНДА БАҚ СЫНАДЫ
Шу аудандық кітапханасының ұйымдастырумен 10 тамыз – Абай күніне орай «Асыл сөзді іздесең…» тақырыбында Абай оқулары өтті. Байқау барысында Хакім Абай туралы сыр шертіліп, Абай-алты алаштың, иісі қазақтың мақтанышы екендігі айтылды. Абай өлеңін жан-тәнімен, ыстық жүректерімен сүйетін оқырмандар сайысқа қатысып, ақынның жырларын оқыды.



