ТҮРКІСТАНДА БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

🏀Облыс орталығында баскетболдан жазушы Саттар Ерубаевты еске алуға арналған ХХХІХ халықаралық турнирі “Біз — нашақорлыққа қарсымыз” ұранымен биыл да ұйымдастырылды.
🏀Жарысқа 15 пен 16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар командасы қатысуда.
🏀Турнирде Бішкек (Қырғызстан Республикасы), Наманган (Өзбекстан Республикасы), Кентау, Түркістан қалалары мен Отырар, Жаңақорған және Сайрам аудандарынан жиналған жалпы 12 команда бақ сынауда.
🏀Жарыстың ашылуына қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты Ғалымжан Хұдияров қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
🏀 Айта кетейік, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан жарыстың жеңімпаздары 17 тамызда анықталады.