МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗІЛДІ

Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспардың аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында біліктілігін арттырудан өтіп жатқан қызметшілерге мастер-класс өткізілді.

Іс-шара барысында кәсіби дағдыларды дамыту саласындағы тәжірибелі жаттықтырушылар мен мамандардың басшылығымен уақытты тиімді пайдалану, коммуникативтік дағдылар, шешім қабылдау, түрлі жанжалдарды басқару және ұжымды ынталандыру бойынша практикалық жаттығулар жасалды.

Қатысушылар мемлекеттік органдарда орын алып жатқан үздік жұмыс тәжірибесімен алмасты.

Мастер-класс соңында тыңдаушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті