ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕР МЕН ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ МАМАНДАРЫ ОҚЫТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған «Қадамдық жоспар» аясындағы «Құқықтық сауаттылық» жобасы бойынша мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері мен әдеп жөніндегі уәкілдерге онлайн форматта семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты болып мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ талдау нәтижелерімен мемлекеттік органдардың қызметінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді алдағы уақытты болдырмау үшін заңнама нормаларын түсіндіру табылады.

Семинар-тренинг барысында мемлекетік қызметшілерге сыйлықақы беру мәселесі бойынша сұрақтар талқыланды.

Қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтауға бағытталған шараларды жан-жақты және сапалы орындау қажеттілігі түсіндірілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті