Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы

ҚАЗАХБАЕВА ЛАУРА ҚҰНДАҚБАЙҚЫЗЫ
Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы
1974 жылы 18 мамырда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. білімі жоғары.
1993 жылы Алматы кеңес сауда техникумын «шаруашылық іс әрекеттегі бухгалтерлік есеп, бақылау және талдау», 2008жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы «Оңтүстік Қазақстан ГРЭС» мекемесінің кассирі болып бастаған.
1994 жылы “Элегант” шағын кәсіпорынының бас есепшісі, 1994-1995жылдары Мойынқұм аудандық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының есепшісі, 1995-2005 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің жетекші маманы, 2005-2006 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2006-2008 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы, 2008-2010 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі бастығының орынбасары, 2010-2024 жылдарыМойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттік қаржыландыру, орындалуы және талдау секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2024 жылдың 05 тамызынан бастап Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы.