МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Мойынқұм аудана әкімдігінің мәжіліс залында 12 тамыз – «Құрылысшылар күні мен Халықаралық Жастар мерекесіне орай аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов ауданға еңбегі сіңген құрылысшылар мен бірқатар жастарды қабылдады. Оған аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева, аудандық мәслихат депутаттары, құрылыс саласының еңбек ардагерлері, жастар мен БАҚ өкілі қатысты.
Бұдан кейін аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әлімханұлы құрметті де, мәртебелі мамандық иесі Құрылысшылар мен аудандағы іс шараларға белсенді атсалысып жүрген Жастарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала мамандарына «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен Құрмет грамотасын, Алғыс хаттарын табыс етіп, сый-сияпат жасады. Ауданның құрылыс саласының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін және тамыздың екінші жексенбісі «Құрылысшы күні» кәсіби мерекесіне орай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мұрағатшысы Серік Бекболатов, «БАТО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ергелді Акбасов, «Сапалы Дизайн Және Технологиялық Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің участке бастығы Ринат Ибрагимов аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып, жастар саясатының іске асырылуына қосқан үлесі үшін «Құмөзек» халық театырының режиссері Дидар Байтай Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен, Жастар ресурстық орталығындағы көп жылғы еңбегі үшін және «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» мерекесіне орай орталықтың кіші қызметкері Әлімжан Тұрысбеков «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталды. Ал ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мәди Күнтуге аудан әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді. Сондай-ақ бірқатар аудан жастарына аудан әкімінің Алғыс хаты тапсырылды. Атап айтқанда, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы Айханым Серікова, аудандық №18 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрболат Егемқұл, аудандық полиция бөлімінің тылмен қамтамасыз ету тобының старшинасы Нұржігіт Берікбай, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы Таңшолпан Құлбаева, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі директорының орынбасары Мақпал Жүнісқызы, аудандық «Мансап» орталығының маманы Серік Нәметхан, №8 Мойынқұм колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Сейдулла Ибрахым, аудандық «Мансап» орталығының ассистенті Нұрғаным Жұмасилова, «Жастар ресурстық орталығының Қарабөгет ауылдық округі бойынша инспекторы Айнұр Әлімбетовалар аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Жиында құттықтау сөз сөйлеген аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов бірқатар жасылелдік жастарды марапаттады.
Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА,
Мойынқұм