Қордай ауданында ағылшын тілін үйренуге арналған тегін курс бастау алды

Аудан тұрғындары арасында ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттыру және шетел тілін меңгеру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ашылған курс, алғашқы сабағын өткізді.
Алғашқы сабақта топ мүшелері өзара танысып, ағылшын тілінің негіздерімен танысты. Сабақ барысында қатысушылар тіл үйрену мақсаттарын анықтап, алдағы сабақтарда қандай тақырыптарды қарастыратынын білді.
Сонымен қатар, олар сөздік қорды байытуға бағытталған жаттығулар жасап, ағылшын тілінің қарапайым сөйлем құру ережелерін үйренді.
Сабаққа қатысушылар белсенділік танытып, ағылшын тілін үйренуге деген ынталарын көрсетті. Олардың арасында тіл үйренуге жаңа қадам жасап жатқан адамдар да, бұрыннан оқып жүргендер де болды. Курс жетекшісі қатысушылардың деңгейін ескере отырып, әрбір сабақта тиімді оқу бағдарламасын ұсынатынын атап өтті.