Сен қызсың, қарындассың, қалыңдықсың, әйелсің, анасың!..

Сен қызсың!

Сенің жұмысың ата-анаңды тыңдау! Олардың айтқан ақылдарын бойыңа сіңіріп,оларға қамқор болу.Олар риза болатындай,олар мақтан тұтатындай қызға лайықты болу!

Сен қарындассың!
Сенің жұмысың-ағаңның айтқанын әрқашан орындап,керек кезде оған сүйеу болу.

Барлық жағынан жәрдем беріп,оны тыңдамай кету деген болмау керек!
Өйткені ол сен туралы әрдайым қайғырып,сені барлық жаманшылықтардан қорғап жүреді!

Сен қалыңдықсың!
Сенің жұмысың- жұбайыңның ата-анасын жақсы көріп,оларға мейірімділікпен қызмет қылу.Сол жанұяның бір бөлшегі болып,сол үйдің абыройын сақтау!

Сен әйелсің!
Сенің жұмысың- еріңе бағыну! Ол айтса,солай болу керек! Қайғы-қасіретте де,қуанышта да оны жақсы көріп,қабірге шейін бірге болу.

Сен анасың!
Сенің жұмысың- балаларыңа дінімізге лайықты тәрбие беру.Оларға Отанымызды,салт-дәстүрімізді жақсы көруді үйрету.

Зәуре Дәулетованың ФБ парақшасынан