Е.Әмірханов қоғамдық қабылдау өткізді
Бүгін Мойынқұм ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Әмірханов қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға алдын ала жазылған ауданның бірнеше тұрғыны келіп, көкейдегі сауалдарына тиісті заңнамалар аясында түсініктер алды.
Атап айтқанда үй мәселесі, әлеуметтік көмек, ауданның 60 жылдығын атап өту сияқты мәселелермен қайырылды.
Аталған мәселелер бойынша аудан басшысы әр сұранысқа жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, сауалдардың орындалу барысын жеке бақылауда ұстайтынымды жеткізді.
Қабылдауға аудан әкімі орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Қазақбайұлы мен тиісті бөлім басшылары қатысты.
Мойынқұм ауданы әкімдігі