Шығанақ ауылына 60 жыл

АЛАМАНДА АТ ОЗДЫРЫП, ПАЛУАНДАР БЕЛДЕСІП, БІЛЕКТІЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ
Шығанақ ауылының 60 жылдық мерейтойының сәнін келтірген спорттық шаралар жанкүйер қауымның делебесін қоздырды.
Түйе палуандар белдесіп, білектілер қол күрестіріп, қарулы жігіттер қошқар көтерсе, бәйге мен көкпар десе ішкен асын жерге қоятын ағайын аламанда ат оздырды.
Сондай-ақ, ауданның елді мекендерінен барған командалардың арасында өткен футбол, волейбол жарыстары да жанкүйер қауымды бір серпілтіп тастады.
Бас жүлдеге, бас бәйгеге ие болған жеңімпаздарды аудан әкімі Сәкен Мамытов өзі марапаттады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен мерейтойды ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған дипломдармен, қаржылай және заттай сыйлықтарымен марапатталды.