«Ордабасы» — «Ақтөбе». Орталық матчтан не күтеміз?
Еурокубокта ел намысын ойдағыдай қорғай алмаған ел чемпионы мен қола жүлдегер көш басындағы «Қайратты» басып озуға тырысады. Еншісінде 30 ұпайы бар «Ақтөбе» алматылықтардан бір ұпай қалып, екінші орында тұр. «Ордабасы» 29 ұпаймен үшінші орынға жайғасқан. Бірақ, былтырғы чемпиондар екі командадан екі ойын кем өткізген.
«Ордабасы» еурододада талай жеңілсе де, ішкі біріншілікте наурыздың 31-інен бері қарсыласқа есе жібермеген екен. Соңғы алты матчта 16 ұпай еншіледі. «Астананы» ұтты. 13 гол соқты.
«Ақтөбе» соңғы екі турда турнир кестесінің ортасында орналасқан командалармен тең ойнады. Қонақта «Атырауды» ұта алмады, қонақта «Қайсарға» тіс батпады. Екі матч та 1:1 есебімен аяқталды.
prosports.kz