Қазақстандық балуан еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Едіге Қасымбек 110 кг салмақ дәрежесіндегі финалда америкалық Майкл Моккоданмен кездесті. Бұл белдесуде қазақстандық балуан небәрі 18 секундта 10:0 есебімен жеңіліп қалып, күміс жүлде еншіледі. Айта кетейік, тағы бір еркін күрес балуаны Бақдәулет Әкімжан 65 кг салмақта біріншіліктің қола медалін жеңіп алған болатын. Ол үшінші орынға таласта грузиялық Рати Ревазашвилиден басым түсті.

Бұған дейін грек-рим күресінен сынға түскен қазақстандық балуандар Алпамыс Болатұлы (55 кг) мен Еркебұлан Анапия (80 кг) күміс жүлде иеленген еді. Ал әйелдер күресінен Анна Стратан (55 кг) мен Ұлдана Тілеухан (65 кг) қола медальға қол жеткізді.

Skifnews.kz