ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Құс шаруашылығының өнімдері қай кезеңде де үлкен сұранысқа ие. Құс жұмыртқасы мен етін өндіру және осындай құнарлы өнімдермен тұтынушыларды қамтамасыз ету толығымен құс шаруашылықтары арқылы жүзеге асырылып келеді.
Бүгінгі күні аймақта құс шаруашылығы бағытында жұмыс істейтін 5 ірі өндірістік кәсіпорын болса, оның 4-еуі («Әулие-ата Феникс» ЖШС, «Алель-Агро» АҚ, «Қордай құс» ЖШС, «БМ Агропродукт» ЖШС) құс етін, 1-еуі («Аса-Даму» ЖШС) жұмыртқа өндіреді.
Биылғы жылы құс еті өндірісін дамыту мақсатында 2 кәсіпорынның қуаттылығын 9,0 мың тоннаға кеңейту жоспарланған.
Қазіргі уақытта «Әулие-ата Феникс» серіктестігі 6 құс қорасының құрылысын аяқтауда. Ал, «Алель-агро» АҚ 8 құс қорасының құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы бүгінгі күні облыстағы құс саны 1,9 млн. басты құраса, жыл басынан бері 11,2 мың тонна құс еті өндіріліп, 13,2% артты. Өндірілген құс етінің 376,4 тоннасы экспортталды.
Сондай-ақ, 75,0 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 5,5% артып отыр.