Тесік шелек…

90 жылдардың басында,Қазақстанда, бір ауылда, Ақсақалдар алқасы құрылып,ауылдың жасы үлкен,зейнетке шыққан ақсақал қарасақалдары соған 7 адам сайлапты.
Әдеттегідей сауатты деп бұрынғы кпсс та болған біреуін,әр түрлі мекемелерден жұмысшыдан көтерілгендерден, қағазды қатырады деп сотта жұмыс істеген біреуін, дін, иман жағын қатырады деп молдасымақты сайлап, әйтеуір санын Қазақ үшін киелі сан деп 7 ге толтырыпты.
Той, Құдайы садақа, бас қосулар солардың ұйғарымымен жасалып, қыз алып қашу, көрші ауылмен мал қосылып кету дау дамайларын шешіп отырады екен. Бір күні сол ауылда тұратын, жалғыз басты әйелдің 9 жасар баласы, біреудің велосипедін ұрлап кетіпті.Ұрлап болғанда да, алақандай ауылда сол велосипедті сіңіре алмасын біледі ғой бала, тек балалық қызығушылық пен айдап кеткен де.
Алайда велосипед иесі,айғай көтеріп
» Бұл әлі басы, бұл ауылда ұрлық жоқ еді,масқара!!!,, мынандай жүгенсіз кеткендерді, қазір қатты жазалап көзін қорқытпасақ, кейін кеш болады, үкіметке бермейік, бірақ Ақсақалдар, өзгелерге сабақ болсын, қатты жаза кесіңіздер» деп тұрып алыпты. Анасы зар еңіреп баласын қарғап, баласы мұрнының сорасы ағып, алдарында жылап, Ақсақалдар алқасын ойлантып қойыпты.
Содан алқа мүшелері кезек кезек сөйлей бастапты.Әуелі молдекең, ұрлықтың күнә екенін,түбі тозаққа апаратынын, тозақ өте жаман екенін айтып баланың зәресін ұшырып, бұның жазасы «дүре» деп тоқтапты. Содан соң Сот қызыметкері сөйлеп, үкіметке барса, бірден «балалар колониясына» кететінін айтып, ол жерден мүлдем бұзылып, әккі қылмыскер болатынына сендіріп, бар жаманды төндіріп, сап сау велосипедтің құнын төлеттіру керек деп ұйғарым айтыпты. Сонымен кезек кезек сөйлеп, соңында Партияда болғаны, бұл істің моральдық жағына тоқтап, азғындаудың басына тоқтам салмаса болмайтынын айтып, мектеп оқушыларының алдында масқаралауды ұсыныпты.Қойш, әйтеуір
екі сағат дауласып бір шешімге келе алмағасын, кәрі теміржолшы ақсақал
былай депті» Осы ауылда бәрімізден үлкен 92 ге келген Ағамыз Аспантай ақсақалды шақырайық, үйіде алыс емес, ол кісі тың өзі келе алады, оның үстіне мына бала соның рулас жақындарының баласы, келсін, төрелігін айтсын деген екен.


Соған тоқталып, Аспантай ақсақалға бала жүгіртсе» қолым тимей жатыр»деп
қайтарыпты. Содан іштеріндегі ең жасы кіші қарасақал біреуін жұмсапты, » Жағдайды түсіндір, ауылдың сыйлы ақсақалдары тұйыққа тіреліп отыр, бір ауыз сөзін айтсын, жамағайынына қандай жаза қолданамыз, келсін деп айт» деп жіберсе, ақсақал қазір барам деп жіберіпті. Айтқандай, қолында шелегі бар Ақсақалда аяңдай басып қастарына жақындапты.Қолындағы тесік шелектен саулап құм төгіліп келеді екен. » Ақсақал, шелегіңіз тесіліп қалыптығой, жүрген жолыңыздың бойында құм төгіліп жатыр ғой» десе,
» Ия білем, бұл менің жүріп өткен жолым,менің өткенімде де, еске түссе біраз бет қызарар кемшілік болған,міне бүгін келіп, менде біреуге үкім айтпақпын.

Сондай ақ «Сен, сот бала,кезінде ұжымыңа келген ақшаны картаға ұттырып, облыстан келген нұсқаушының алдында бетіміз қызарған, Сен коммунист, хатшыңды жүкті қылып қойып, ана аудандағы әйелсіз жүрген біреуге қосып беріп құтылғанбыз, Сен теміржолшы, сменде ұйқтап, пойыз тоқтап қалып, сол үшін» за простой пойыз» ауыл боп ақша жинағанбыз.Молдеке сен шатассаңда, әдейі істесеңде, «өзімнің малым» деп
көрші ауылдағы Адуынның өгізін сойып алып, арты төбелеске ұшырағанда, ауыл болып арашалап қалғанбыз.»Ал сен» деп велосипедтің иесіне, Сарайыңда самогон қайнатуыңды қоймасаң ана сарайыңды, аппарат саппаратымен өртеп жіберем, қолыңнан келсе мені соттат» деп шүйлікті де, сөзін әрі жалғады…
«Осында отырған Ақсақалдардың бәрінің артында шелектен төгілген құм бар, яғни ұялған жерлерің бар, қайссыңды масқаралап, кімге дүре соқтық а?, бүгін келіп қаршадай балаға жабылып, шулап отырсыңдар, оданда үйде, сандыққа тыққан ақшаларыңнан
жинап сол белсебеті түспегірді алып беріңдер, сонда сендердің ақсақалдықтарың көрінеді, Ал баланың санасында азғантай сәулесі болса түсініп кетеді» деп шелегін ұстап үйіне қайтыпты. Жаңа ғана шешендіктен, бір біріне сөз бермей отырған ақсақалдар үнсіз бір біріне қарап отырып калыпты.
Сол айтқандай шелегіміз бүтін бе, Ағайын…???