КЕНШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Тамыз айының соңғы жексенбісінде еліміз бойынша кеншілердің кәсіби мерекесі аталып өтетіні белгілі.
Аталмыш мерекеге орай, Ақбақай ауылында орналасқан «Алтыналмас АҚ» Ақбақай филиалына арнайы барып қайттым.
Бұл саланың еңбеккерлері оны дамытуға қосқан қомақты үлестерін, өз жұмыстарының нәтижесін орынды мақтаныш ете алады.
Алдағы уақытта да отандық экономиканың тиімді өркендеуіне және елдің әлеуетінің нығаюына атсалыса бересіздер деп кәміл сенемін.
Сіздерге мықты денсаулық, табыс пен игілік, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!,-деп ізгі ниетімді жеткіздім.
Сонымен қатар шахтадағы кеншілердің бірқатарын “Ауданға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттадым.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындарымен жолығып, олардың талап тілектеріне құлақ түрдім.
Ақбақайдағы білім ошағының қысқа дайындығын тексеріп, қазандық ахуалын барып көрдім.
Және Мирный ауылындағы ауыз су мәселесіне қатысты ауылдықтармен жолығып, көтерілген мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты тапсырмалар бердім.