БҮГІН САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ

Сарысу ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қазақстанда көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес құрылған.
Осы қаулыға сәйкес, Сарысу ауданы Қызылқұм, Созақ, Шу аудандарымен бірге Сырдария округіне қаратылған.
1931 жылы Республикадағы округтердің болыс болып қайта құрылуына байланысты, жер жағдайын қарай бұрынғы Петропавл облысына өтті.
1932 жылы Петропавл облысынан Қарағанды облысының бөлініп шығуына байланысты Қарағанды облысының құрамына берілді.
1932-1933 жылдардағы ашаршылық, халықты аяусыз қырғынға ұшыратып, ел Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы Сарысу өзенінің бойынан Қаратауға қарай шұбырған.
1933 жылы қазіргі Саудакент ауылына (бұрынғы Байқадам) тұрақтаған Сарысу ауданы Қарағанды облысынан шығып, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына енді.
1939 жылы Оңтүстік Қазақстаннан Жамбыл облысының бөлініп шығуына байланысты Жамбыл облысының құрамына түпкілікті берілді.