Жамбыл обылсында 24 компания электр энергиясын өндірумен айналысады

– Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Қазақстанда энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға артып келеді. Бірақ іске қосылып жатқан жаңа қуат көздері оған сай емес. Сұраныстан артық өндірілген электр қуаты таяу арада сарқылуы мүмкін. Шын мәнінде, еліміздің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз сөзінде энергияны тиімді жұмсауға және үнемдеуге баса мән берді.

– Қазақстан – әлемде ең көп энергия пайдаланатын елдердің бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстан жаңартылатын және баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алды.

Ал, Жамбыл обылсында 24 компания электр энергиясын өндірумен айналысады. Олардың жалпы қуаты 1844 МВт. («ЖГРЭС» АҚ — 1230 МВт, «Таразэнергоорталық» АҚ — 43 МВт, 22 ЖЭК — 571,3 МВт).

Еліміздің оңтүстік бөлігінде «Жамбыл ГРЭС» компаниясы ең ірі электр энергиясын өндіруші болып табылады.

Станцияда 6 энергоблок бар. Жалпы 1230 МВт электр энергиясы өндіріледі.

Осы компания инвестициялар есебінен алдағы 3 жылда 115,0 млрд. теңгеге қуаты 210 МВт электр энергиясын өндіретін  газ-турбиналық станциясының құрылысын іске асырады.

Өңірде жалпы қуаты 571,3 МВт құрайтын 22 жаңартылатын энергия көздері бар. Оның ішінде 6 су электр станциясы (24,4 МВт), 10 жел электр станциясы (275,6 МВт), 6 күн электр станциясы (271,25 МВт).

Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Алдағы уақытта облыста 3 ірі жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар:

Мойынқұм ауданында «Total Eren» компаниясымен қуаты              1 ГВт құрайтын жел электр станциясы;

Сарысу және Талас аудандарында Masdar (БАӘ) компаниясымен қуаты 500 МВт жел электр станциясы;

China Power компаниясы тарапынан қуаты 500 МВт жел электр станциясы жобалары.

Жоспарға сәйкес, 2028 жылға қарай жаңартылатын энергия көздері 25 нысанға артып, қуаты 2,5 ГВт құрайтын болады.

Оңтүстік өңірдегі электр қуатының өткізу қабілетін арттыру үшін «KEGOC» компаниясы тарапынан 154,0 млрд. теңгеге «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шу-Жамбыл-Шымкент» жоғарғы кернеулі әуе желілерінің 2-ші желісін салуды жобалау жұмыстары басталды.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің БАҚ өкілдерімен өткен брифингінде осы ақпараттар кеңінен айтылды.

Аталған желілердің өткізу қабілеті жылына 18,1 млрд. кВтсағ. құрайды (2070 МВт/сағ.).

Оның 4,2 млрд. кВт/сағ. электр энергиясы Жамбыл облысының тұтыну көлемі болып табылады.

Иесіз электр желілері

Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарында 31 дана трансформатор және 81,4 шақырым электр желілері иесіз екендігі анықталды.

— Жамбыл ауданында 10 дана трансформатор;

— Т.Тысқұлов ауданында 1 дана трансформатор;

— Меркі ауданында 10 дана трансформатор, 45,8 шақырым электр желілері;

— Шу ауданында 10 дана трансформатор, 35,6 шақырым электр желілері.

Аталған желілерді коммуналдық меншікке алу бойынша тиісті Жол картасы әзірленді. Жұмыстар алдағы жылы толық аяқталады.