ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚОЛДАУЫ. ТИІМДІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Күні кеше Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек БАҚ өкілдерімен брифингте жолығып атақырылп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жамбыл облысының отын-энергетика кешендерімен алдағы жылыту маусымына дайындық шараларына жалпы 15,3 млрд. теңге қаралды.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 350,7 шақырым. Олардың тозу деңгейі — 55,5% болып отыр.

7,1 млрд. теңгеге Тараз қаласындағы М-1 жылу магистралын (10,6 млрд. тг, 6,1 шқ) қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл жоспарлы 6,1 шқ жылу желілерінің 4,6 шқ ауыстырылады.

Сондай-ақ, Қаратау қаласының 3,9 шқ (342,5 млн. тг) және Жаңатас қаласының 700 метр жылу желілері (148 млн. тг) қайта жаңарды.

Қаратау қаласындағы резервтік мазут шаруашылығын (653,9 млн. тг) және жеке қазандығын қайта жаңғырту (680,8 млн. тг), Жаңатас қаласының орталық қазандығын мазут-газбен жұмыс істеуге ауыстыру (4,2 млрд. тг) іске асырылуда.

Бұл жобаларды тиімді аяқтау үшін облыс әкімі Ербол Шырақбайұлының қолдауымен қаржы мәселесі шешілді.

Алдағы жылыту маусымына Жаңатас қаласының жылу  қазандығына 11,9 мың тонна мазут алуға қажетті 1,6 млрд. теңге облыстық бюджеттен берілді.

Жылыту маусымында тұрғындар 145,0 мың тонна көмір тұтынады. Ал, бюджеттік ұйымдардың көмір тұтыну жоспары 63,0 мың тн.

Бүгінгі күнге бюджеттік ұйымдарға 38,4 мың тонна көмір жеткізілді.