Газ құбырының өткізу қабілеті жылына 30 млрд. м3 дейін ұлғаятын болады.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек БАҚ өкілдері алдында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Онда әр сала бойынша нақты ақпараттар айтылды. Сұрақтар қойылып тиісті жауаптар берілді.

 Жамбыл облысына табиғи газ «Бейнеу-Бозой-Шымкент», «Бухара газнасосты аумақ — Ташкент, Бішкек, Алматы», «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырлары және «Амангелді газ» кенішінен тасымалданады.

Облыстың 2024-2040 жылдарға арналған өңірлік газ балансы бекітілді. Қазір тұтынылатын газдың көлемі жалына 2,2 млрд. м3 құрайтын болса, 2030 жылға қарай 4,8 млрд. м3, 2040 жылға 6,0 млрд. м3 болады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен оңтүстік өңірлердің газ балансын қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі Катарлық инвестормен бірлесе «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының 2-ші желісінің құрылысын 2025-2027 жылдары іске асыруды жоспарлануда.

Нәтижесінде, газ құбырының өткізу қабілеті жылына 30 млрд. м3 дейін ұлғаятын болады.

Бүгінгі күнге, 285 елді мекен табиғи газбен қамтылған.

Халық санымен газдандыру деңгейі 91,1% құрайды, елді мекен санымен көрсеткіш 76,8% құрап отыр.

38 елді мекенді газдандыру бойынша жалпы 8,5 млрд. теңгеге 12 жобаның құрылысы жүргізілуде.

1) «Самрұқ-Қазына» АҚ дивиденді — 3 076,514 млн. теңге;

2) Ұлттық қор — 4 111,259 млн. теңге;

3) Жергілікті бюджет — 1 305,275 млн. теңге.

Оның ішінде, 2019 жылдан бастап Сарысу ауданының                           14 елді мекенін, Шу ауданының 18 елді мекенін газдандыру          және «Еврохим», «Шу» автоматты газ тарату станцияларының құрылысы іске асырылуда.

Бұдан бөлек, Қордай ауданындағы Қарасай, Еңбек, Керу ауылдарын газдандыру, Жуалы ауданының Билікөл ауылдық округіне магистралды газ құбырын салу және Қарабастау, Жылыбұлақ ауылдарын газдандыру, Жамбыл ауданындағы Жаңаөткел, Тоғызтарау, Құмсуат ауылдарына және Талас ауданындағы Майтобе, Қожағаппар ауылдарына жоғарғы қысымды газ құбырларын салу жобаларының құрылысы жүруде.

Сонымен қатар, Мойынқұм ауданының 9 елді мекенін (Айдарлы, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай) газдандыру жобасының бірінші кезеңі бастау алып, жақын арада бастапқы 3 елді мекенге (Айдарлы, Бірлік, Биназар) таратушы газ құбырларын салу жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі таңда облыс бойынша газдандырылмаған 86 елді мекен бар. Оның ішінде:

— 38 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүруде;

— 13 елді мекенге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылды;

— 2 елді мекенге жоба-сметалық құжаттары әзірленуде;

— 33 елді мекенде халық саны аз болуына (200 адамнан төмен) байланысты газдандыру кейінгі жылдарға жоспарлануда.