Инвесторлар Қазақ елін құрметтесін!

Егемендік алғалы даласы дархан, сарқылмастай көрінер байлығы бар Қазақ еліне алыс-жақын шетелдерден талай инвестор көз тікті. Алайда, қазақтың қонақжайлығына 25 жыл бой үйретіп алған кейбір келімсектердің шектен шығып жүргенін көз көріп жүр. Мұндай да көнеден қалған «Сиыр сипағанды, адам сыйлағанды білмейді» деген нақыл еске еріксіз түседі. Әсіресе, Қытай компанияларының кеуде соғып жүргеніне баршамыз куә. Осыны өзгеден бұрын ойға алған «Ақ жол» демократиялық партиясы шетелдік %d0%bf%d0%b5%d1%80%d1%83%d0%b0%d1%88%d0%b5%d0%b2инвесторлардың Қазақстанның ұлттық мүдделерін сақтау міндеттерін бекітуді ұсынды. Бұған себеп болған Ақтөбедегі қытайлық компанияның қазақстандық қызметкерлерді жұмыстан босатумен байланысты кезекті даулы мәселе болатын. Партия басшысы Азат Перуашев бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеп қана қоймай, ол «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» Президент Жолдауының аясында Мемлекет басшысының Үкіметке берген тапсырмасынан дәйексөз келтірді: «халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғап, ілгерілету қажет. Бұл, ең алдымен, ЕАЭО, ШЫҰ ішінде Жібек жолы Экономикалық белдеуімен ұштасатын жұмыстарға қатысты». Яғни, қазақтың игілігін көздемесе де, әрбір инвестор ұлттық мүддені қорғап, барлық талапқа сай жұмыс жасап, басқаша айтқанда, нанын жеп, суын ішіп отырған елге құрметін көрсетуі тиіс. Осы орайда бұл мәселені көтерген Азат Перуашев:

-Шетелдік «рақымшылық жасаушылар» өзінің мақсаты етіп теңқұқықты тиімді ынтымақтастық емес, керісінше өзге ресурстарды пайдаланып, серіктестерін экономикалық тәуелділікке тарту сияқты шетелдік тәжірибенің мысалдары аз еместігін атап өтті. Мұндай «инвестициялардан» шетелдік компаниялардың өздері ғана пайда табады, жергілікті бизнесті тіпті мердігерлік жұмыстарға араластырмай, ол үшін өз мемлекетінің кәсіпорындарын және жұмысшы күшін жұмылдырады. Тасып шығарылған табиғи ресурстардың орнына не жұмыс орындарын, не технологияларды, не жөнді салық түсімдерін алмаған, айтарлықтай ресурстарға ие мемлекеттер де бар,-деді.

%d0%b2%d0%b5%d0%bb%d0%b8%d0%ba%d0%b0%d1%8f-%d1%81%d1%82%d0%b5%d0%bd%d0%b0

 Халық қалаулысы мұндай жағдайдың өршіп кетуінен сақтану керектігін айтып, жүздеген қазақстандық қызметкерлерді жұмыстан босатуды тоқтату туралы «Великая стена» қытайлық компаниясына Ақтөбе облысының басшылығының кезекті талаптарын мысалға келтірді. Бір қызығы, «ақ жолдықтарға» қызмет көрсету, тауарларды жеткізу мен тағы басқа жұмыстарға келісім-шарттарды қайткен күнде де өз елінен келген жеткізушілерге тапсыратын шетелдік инвесторлар туралы отандық кәсіпкерлерден шағым жиі түседі екен.

-Ұлттық экономикалық мүдделерге жасалған қысымдар арнайы зерттеуді және тиісті жүйелік шараларды жасауды қажет етеді. «Ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау — кез келген мемлекеттің және Үкіметтің құқығы ғана емес, бұл оның тікелей міндеті деп білеміз» –дейді А.Перуашев.

Айтып ауыз жиғанша қағылған дабыл да алғашқы нәтижесін бере бастады. Бізге белгілісі, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша «Арслеор Миттал» сынды ірі шетел инвесторларының әрбір қадамын өзінің бақылауында ұстайтын болды.

 ЕРМҰРАТ НАЗАРҰЛЫ