ТАРАЗДА 53 ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТУДЕ
Қазіргі таңда аталған нысандарда 23 мердігер мекеме тарапынан жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Жаңғырту жұмыстары биылғы қараша айының соңына дейін толығымен аяқталады деп көзделуде. Тағы бір айта кетерлігі, құрылыс жұмыстарына жұмсалған қаражатты қайтару, кондоминиум объектісінде орналасқан пәтер ауданына сай, әр пәтер иесіне пропорционалды түрде есептеліп, қайтарым мерзімі он бес жыл болып белгіленген.
Биыл бұған қоса «Интерстрой Азия» ЖШС тарапынан Төле би көшесінде орналасқан №11, «Тұрғын үй жөндеу», «Абырой Инвест» және «TarazGazNur» ЖШС мердігерлігімен «Қаратау» ықшамауданы, №37 «А», №39 және «Салтанат» ықшамауданы, №29 «А», №29 «Б» жатақханаларына жөндеу жұмыстар жүргізілуде.
Биыл тек ықшамаудандар ғана емес, орталықтағы үйлерге де басымдық берілуде. Соның айқын айғағы – «Қаратау құрылыс 2030» ЖШС мердігерлігімен Төле би даңғылында орналасқан №38, 40, 44, 48, 50, 52, 54, 56, 57, 58, 59, жалпы саны 11 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттері, шатырлары күрделі жөндеуден өтуде.