Чемпиондар лигасы. «Аталанта» мен «Арсенал» кім мықтыны анықтайды

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші кезеңі аясында «Аталанта» мен «Арсенал» командалары кездеседі. Қос команда арасындағы матчқа шолу жасап өтсек.

Еуропа лигасының жеңімпазы маусымды сәтсіз бастады. Суперкубокта «Реалға» есе жібергеніне көз жұма қарасақ, А Сериясындағы нәтижелері көңіл көншітпейді. Екі ойында жеңіліп, қақпасына бес гол жіберіп алды. Бұған қоса, сапында жарақат алған ойыншылардың саны күннен күнге артып келеді. Олардың арасында Толой, Годфри, Джимсити мен Скамакка бар.

«Арсенал» да маусымды өздері күткендей бастамаса да, жанкүйерлер қайғыратындай ештеңе болған жоқ. Алғашқы төрт турда 10 ұпай жинады. Тек «Брайтонға» қарсы ойында тең түсіп, екі ұпайын жоғалтып алды. Қазір турнир кестесінде екінші орында келе жатыр.

Бірақ лондондық клубтың алдағы аптаға ойындар күнтізбесі өте тығыз және қарсыластары өте қарымды.  «Тоттенхэммен» ауыр ойыннан кейін, Чемпиондар лигасы басталжы. Одан кейін «Манчестер Ситимен» күш сынасады.

 

prosports.kz