​​Wildberries кеңсесіндегі атыс: Владислав Бакальчук кісі өлтірді және озбырлық жасады деп айыпталды

Владислав Бакалчук 48 сағатқа қамауға алынды. 19 қыркүйек күні таңертең оған қатысты Қылмыстық кодекстің “Кісі өлтіру», “Адам өлтіруге оқталу», “Құқық қорғау органының қызметкерін өлтірәге оқталу” және “Озбырлық” баптары бойынша іс қозғалды.

Бұл туралы Владислав Бакалчуктің қорғаушылары мәлімдеді.

«Бұл біздің клиенттің құқықтарының бұзылуы. Мәскеудің орталығында қастандықтың құрбаны болған адамды бірқатар қылмыстық істер бойынша айыптап отыр», – делінген адвокаттар мәлімдемесінде.

Олар кісі өлтіруге тағылған айыптарды абсурд деп атап, тергеу оларға қысым көрсетіп жатқанын айтты.

Бакалчуктың қорғаушылары сондай-ақ «тергеу ағайынды Мирзоян мен Татьяна Бакальчуктың қарулы қылмыскерлермен ашық ынтымақтасатынына назар аударатынына» сенім білдірді.

 

stan.kz