САУРАНДА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылдық округінде бір қабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде нысанның іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып жатыр. Пәтерлер 2024 жылдың қараша айында пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 16 отбасы баспаналы болмақ. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ғимараттардың құрылысымен танысып, жауапты мекеменің жұмысын бақылады.
Айта кетсек, Сауран ауданында 1 198 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, 358-і өзге аудан-қалалардан келіп жұмыс істейтін азаматтар. Сонымен қатар, бүгінде ауданда әкімшілік және прокуратура ғимараттары пайдалануға берілген. Одан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция бөлімі және аумақтық органдары ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі