Қысқы маусымға дайындық жұмыстары күн тәртібінен түспейді

Видеоплеер

00:00
00:25

Бір сөзбен айтар болсақ, жол инфрақұрылымы арқылы экономиканың көптеген салалары дами түсетіні беліглі. Қазақ «Атың барда желіп жүріп жер таны, асың барда беріп жүріп, ел таны» дейді.

Бұрынғы бабаларымыз аттың қомында желіп жүрсе, бүгінгілер темір тұлпар тізгіндеп, жол рақатын сезіп келеді. Әсіресе соңғы жылдары елімізде автомобиль жолдарының құрылысы қарқын алып, оның сапасын арттыру мәселесіде шешімін табуда Үкімет жол сапасын жақсарту мақсатында қыруар қаражат бөліп, стратегиялық жоспарлар жасауда.

Ел экономикасының дамуына, сауда-саттықтың қауіпсіз жеткізілуіне автомобиль жолдарының қосар үлесi үлкен. Облысымызда жыл санап, асфальт көрмеген жолдар тегістеліп, тұрғындар мен жүргізушілерге қолайлы орта қалыптастырылуда.
 Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі автомобиль жолдарын жазғы күтіп-ұстау қорытындысы мен қысқы мерзімде күтіп-ұстауға дайындық барысын әркез бақылауда ұстап келеді.
Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек кеше Меркі ауданында болып, білім ошақтарының қазандықтары мен жолды күтіп ұстау қысқа дайындық жұмыстарын пысықтап өтті.
Меркі ауданындағы 146 әлеуметтік нысанның 112-нің жылыту қазандығы табиғи газға қосылған, 20 нысанның қазандығы көмірмен қыздырылады. 2023-2024 жылыту маусымына қажетті қатты отын қоры нақтыланған.
Құзырлы мекеме басшылары жолды қысқы күтіп-ұстау бойынша шараларды жүйелі ұйымдастыруға міндеттелді.
Сондай-ақ, Қанатбек Қайшыбекұлы  техникалардың қысқы маусымда жұмыс істеуіне сәйкестігін тексеруге тапсырма берді.
Қысқы уақытта тұрғындарға жолда қиындық туындамауы үшін мердігер мен құзырлы органдар сапалы жұмыс істеуі маңызды.
Сондай-ақ, қыс мезгілі болған соң қалың қар жауып, көк тайғақ болуы мүмкін. Сондықтан жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жақсы қолға алу тиіс және мереке күндері қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертті.