НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Ағымдағы жылғы 23-27 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының аумағында Қорғаныс министрлігінің үйлестіруімен «Бекет-2024» дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығу өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дағдарыстық жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру болып табылады.

Оқу жаттығу күрделіліктің әртүрлі элементтері бар нақты жағдайларға мүмкіндігінше жақын. Осыған байланысты, азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шаралары мен тыныштықты сақтауға және де мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын басшылыққа алуға шақырамыз.

Жамбыл облысы әкімдігі