Экологиялық мәдениет қалыптастыруды мектептерден бастау керек
20 қыркүйек күні Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен онлайн форматта «Экологиялық мәдениет және халықаралық міндеттемелер: Қазақстандағы сын-қатерлер мен даму жолдары» тақырыбында жыл сайынғы дөңгелек үстел өтті. Жиналысқа ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Юрий Фенопетов, өңірлік Орхус орталықтарының өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, оқу орындары және тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстелде пікір алмасушылар экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоқыстарды біржайлы етуге жұртшылықты жұмылдыру секілід көптеген өзекті тақырыптарды ортаға салды. Сондай-ақ мектептерлен тартып жоғары оқу орындарына дейінгі барлық сатыда экология тақырыбында білім беру керектігі сөз боллды. Бұл тақырыпқа наза аударған ғалымдар мен оқытушылар экологиялық қағидаттарды білім беру бағдарламаларына интеграциялау жобаларын түсіндіріп өтті. экология мәселесі аса ауқымды, тұтас қоғамның атсалысуын талап ететін маңызды жұмыс болғандықтан, қалдықтарды басқаруға бүкіл қоғамды аттанысқа келтіру мәселесі де сөз болды. Ал, үкіметтік емес ұйымдардан келген өкілдер қалдықтарды қайта өңдеу саласында мемлекеттік мекемелер және бизнеспен ынтымақтастық жөніндегі бастамаларды ортаға салды. Бұдан бөлек Қазақстанның Орхус конвенциясы бойынша халықаралық міндеттемелері және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану тәжірибесі талқыланды.
Дайындаған: Ерқазы Сейтқали