Мереке күні жазасын өтеуші қарттар құттықталды

Халықаралық қарттар күні біздің елімізде 1991 жылдан бастап 29жыл бойы қазан айының бірінші күні аталып өтетіні белгілі. Осы күн аясында арнайы контингент арасында тәрбие және әлеуметтік -психологиялық жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеп жатқан аға буындағы сотталғанды мерекемен құттықтау бойынша іс-шара өтті. Іс-шарада мекеме қызметкерлері мерекелік көңілді құттықтаулар,шынжүректен тілектер айтылып,қарт сотталғанға құттықтау грамотасы табысталды.

 

Мұрат Мақұлбекұлы, Жамбыл облысы