Ербол Қарашөкеев референдумда өз таңдауын жасады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев республикалық референдумға қатысып, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
Облыс әкімі Тараз қаласындағы №35 референдум учаскесінде дауыс берді.
Айта кетейік, облыс бойынша 508 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Жалпы 717 мыңнан аса жамбылдық референдумда дауыс беру құқығына ие.
Жамбыл облысы әкімдігі