БӘЙБІШЕ мен ТОҚАЛ
Таңғы шәйларын енді ауызға ала бергенде Асса-лау-ма-ға-
лей-күм деп қырылдақ үнін барынша созып біреу ішке кірді. Сақалына қырау қатып өзімен бірге бір құшақ бұрқыраған бу мен шыңылтыр аяз лебін ілестіре келген Орақ қария екен. Ғалымбектің бала кезінде тап осындай еді
Сол күйі түк өзгермеген сияқты
Әлі баяғысымен қарап тұр… Қунақ, ширақ қалпы не деген сүйегі асыл жан Бұларға бір ілік-шатыс жақындығы бар адам екені есінде Ғалымбек орынынан ұшып тұрып қос қолын ұсынды өй айдолайын Ғалымжан келген екен ғой өй садағаң кетейін амансың ба Қашан келдің Кешеде біраз отырып кеткем… Кешке дейін қарайлап.
Сені келіп қала ма деп қалай ат-көлігің аман жақсы жеттің бе Мал-жан аман ба балдарың қалай, өсіп жатырма деп салдырлап тоқтамастан, амандық саулық сұрап жатқан қария дастархан басындағыларды қыран-топан күлкіге қарық қылды
Оу жездеке әлі үйленбеген жігіттен балаларын сұрағаныңыз қалай қартаяйын дегенсіз бе деп Қызғалдақ балдызы сөз ортасынан килікпесе аман
сәлемінің бітер түрі жоқ еді
Қайдан білейін мұндай кезімде өзімнің бір емес екі әйелім болғасын деп Орекең күмілжіп желкесін қасыды
Қазақ байыса қатын алады өзбек байыса үй салады демей ме екі әйел алғаныңызға қарағанда сірә жас кезіңізде бай болғансыз ғой
деп Ғалымбектің үлкен жездесі Бауеден байқатпай ғана отырғандарға көзін қысып қойып әңгімеге тамызық тастады арқасын құс көпшікке сүйеп, малдас құра төрге жайғасқан Орекең ойбу, қарағым ненің байлығы болсын. Астыма мінген жалғыз атым мен бес-алты қой
ешкімнен басқа, маған өмірі басы артық дәулет біткен емес.
Дәл әрмияға кетер алдымда әке-шешем қоярда қоймай қыз айттырып келін түсірген.
Армия бітіп енді елге қайтқалы тұрғанымда соғыс басталды. Келіншегім өзі хат танымайма, әлде шала таныс адамға хат жазуды ыңғайсыз көре ме маған өмірі хат жазбайтын. Тек бір-ақ рет Алтыннан ардақты күмістен салмақты Құдай қосқан қосағым деп көршінің баласына айтып отырып хат жазғызыпты. Әкемде шешем де о дүниелік болғанын хабарлап маған көңіл айтып дегендей әйтеуір Құдайдың құдыретімен бастан-аяқ соғыс біткенше бәле
жаладан аман жүрдім
Қырық жыл қырғын болсада ажалды өледі деген жаны бар сөз тек дәл кетер кезде бір қаңғыған оқ мына тобығыма тиіп содан жарадар боп елге балдақ ұстап қайттым ғой ойпырмай абырой болған екен ә соғыстың бітуін күтіп окоптың ішінде тығылып отырғансыз ғой
деп балдыздары кәрі жезделерін сөзбен шымшып
шымшып алады.
Соғыс бітіп елге оралдық. Майданда бірге болған жігіттер бірінен соң бірі алма кезек қонаққа шақырып ауыл
ауылды аралап әйда қыдырыстап жүруші ек.
Бір күні әлгі сендердің жаман апаларыңды көріп бір көргеннен ұнатып қалдым ғой ол кезде қазіргідей тісі жоқ мылжа
мылжа кемпір емес піскен алмадай уылжып тұрған кезі ғой ия нағыз Любовь с первого взгляда болды десеңізші
Соғыс басталған бойда алғашқы байынан қара қағаз алып қаршадай ұлымен аудан орталығында тұрып жатыр екен содан екеуміз бас қосып түтін түтеттік.
Бір күні ойымда ештеңе жоқ елең
алаңда далаға шықсам біреу дәл есігіміздің алдына үстіне жүк артқан нар қоспақты шөгеріп жатыр екен сөйтсем алғашқы әйелім екен үш жыл әрмия төрт жыл соғыс бас-аяғы жеті жылдан бері көрмегесін тіпті түр-түсін ұмытып қалыппын. Ойпырмай ә
Міне қызық
Сосын не болды сол жерде бірден рукопашный бой басталып кеттіме Отырғандар жан
жақтан отқа май тамызып әлек
Оған сасатын Орақ ақсақалма аспай-саспай тамағын кенеп шоқша сақалын сипап қойып сөзін одан әрі жалғастыра берді
Үстімнен әлі әскери киімім түспеген кез еді ғой.Бәйбішем мені сырт киіміме қарап бірден таныса керек. Әйтеуір жалғыз ұлдары мені бір көруге зар болып, арманда кеткен әке шешемді айтып зарлы дауыспен сұңқылдап жоқтау салғаны. Үні сай-сүйекті сырқыратады. Тап бір ет жақын тусымды көргендей көңілім босасын. Таңғы дауыстан оянған тоқалым есік алдына шығып екеумізге басу айтып азар тоқтатты.
Өзіңнің соғыстан аман келуіңді Алладан тілеп қанша жыл шаңырағыңның отын өшірмей әке-шешеңнен қалған мал мүлкіңе бас-көз болдым енді солардың сен үшін жиған боқ
дүниясына өзің ие бол әу бастан жалқұйрықсыз жалғыз едім осы жарық дүниеде сенен басқа жақынымда жоқ. Ата-енеміздің ақ батасымен қосылып ек. Өлсем енді менің сүйегім сенің босағаңнан шығады деп бәйбішем кесімді сөзін бір-ақ айтты обалы нешік екі әйелім өмірі бір жүз шайысып ищай дескен жоқ. Апалы сіңлілі жандардай сыйласты
Бірі үйдің бірі түздің шаруасын келісіп істеді
Бір шаңырақтың астында қаншама жыл тату-тәтті тұрды. Несін жасырайын, ертелі-кеш боз жорғаға мініп ап қайда той қайда жиын деп елеңдеп тұратынмын Шаруаға түк қырым жоқ еді. Маған кейде екеуі әзілмен тиісетін: Құдай-ау сені отқа суға түсірмей бағып
қаққан ата
енемізге көп рахмет деп
Беу,дүние-ай
Е, о заманның адамдары кең пейіл ғой несін айтасың соғыс кезінде ер азаматтардың қадыры өтіп әбден зарыққан байғұс әйелдер от пен оқтың ортасынан оралған жалғыз еркектің бар еркелігін көтермегенде қайтеді деді Ғалымбектің апасы
Қанша дегенмен замандасы ғой
Бәйбішемнің өмірі пұшпағы қанамасада Құдайға шүкір сендердің жаман апаларыңның қойыны құтты болды жылма жыл шілдехана той істеп мәре
сәре боп жатушы ек.
Балалар кішкене қарақұлақтанға
сын-ақ үлкен шешелерінің қолынан түспейтін Балалар өз шешелерінен көрі соған жақын болды. Жарықтық кең адам еді ғой жер қозғалса қозғалмайтын сөйткен бәйбішемде келместің кемесімен кетті. Үні қамыға шыққан Орекең бір сәт үнсіз отырып қалды
Мына балдызыңызға жаным ашып тоқал алайық қолың ұзарсын деп айтып басым бәлеге қалғаны бар әлі күнге сонымды бетіме басады деп үлкен жездесі Бауеден ойнаған боп ойындағысын айтып салды. Сосын сол ойланбай айтқан артық кем сөзін жуып шайғысы келдіме
Шариғатта еркекке екі әйел түгілі төртеуін алуға да рұқсат еткен жоқпа деп қойып қалды.
Тап бір өмір бойы шариғат бойынша жүріп мұсылманның бес парызын түгел сақтап отырғандай сөйлейсіңғой тіпті төртеуін бірдей жақсы көріп бірдей қамқорлай алсаң ала бер деп күлді Қызғалдақ сол сол-ақ екен дастархан басындағы әңгіме бәйбіше
тоқал тақырыбына ауысып кетті
Біздің қазақта Бір үйде екі сиыры бардың айран болады
екі әйелі бардың ойран болады деген мақал барын білесіңбе. Депутаттардың өзі қазақтың санын көбейту керек деп жатыр ғой.Әр әйел әрі кетсе екі-үштен бала туар күндес қатындардан туған сол балаларда бір
бірімен бақталас болады.Бір-біріне жауығып бір-бірін жек көріп өседі.
Ой,айтпасақта белгілі нәрсе ғой. Онсызда басы бірікпейтін алауыз араз қазақтың санын көбейтудің не қажеті бар ия дұрыс айтасыз қолдан келсе өз әйеліне он шақты баланы бір-ақ туғызсын сол он баланы жақсылап тәрбиелесін оқытсын көп балалы отбасында өскен балалар бауырмал болады бір
бірімен тату өседі
Еліміз мықты болу үшін әр қазақтың отбасы мықты болуы керек мына заманда жұмыссыз жүрген еркек көп. Олар әйел бала
шағасын асырау түгілі ауыртпалықтың бәрін жалғыз әйелдің мойынына асып қойып отырған жоқпа өзге ұлттар өркениетке ұмтылып жаңа технологияларды игеруде. Біздікілер орта ғасырлық деңгейге түсіп кері кеткен сөздер айтып жүр қалтасы қалыңдар құтырып екеу
үшеуден алып жатыр баласы болмай ұрпақ жалғастыру үшін амалсыз екінші әйел алып жатса бір сәрі..
Ғалымбек даулы әңгімеге қосылмай тек тыңдаушы боп қана отырды.
«Көбелек қанатының дірілі» кітабынан
Zarya Zhumanova, жазушы