Мүмкіндігі шектеулілерге-мол мүмкіндік

Мүгедектер күні –мүгедектігі бар адамдарға құрмет пен қолдау көрсетуге, қоғамда азаматтардың тең екенін және оны есте сақтау керектігін білдіреді.
Бұл күн мүгедектігі бар азаматтардың мәселелеріне көңіл бөлуге, құқығы мен денсаулықтарын қорғауға назар аударуға бағытталған.
Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар түрлі салада бар. Елімізде қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні деп белгіленген. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде арнаулы іс-шара өтті. Жиын барысында жазасын өтеуші азаматқа еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты 1-топтағы мугедектік беріліп, арнайы арба табысталды. Сонымен қатар,мүмкіндігі шектеулі өздігінен қозғалыс қиындығына байланысты сотталғандар арасынан күтуші тағайындалып,оған жалақы төленетін болады.