Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау

Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру тәртібі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының 4-1-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік  қызметті (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) Департамент www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) алу үшін дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген нысан бойынша өтінішті портал арқылы жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі -15 (он бес) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

— Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтініш;

— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;

— ЭҮШ-да мәліметтер болмаған кезде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау және (немесе) сақтау бойынша объектінің (объектілердің) сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;

— санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және (немесе) техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) медициналық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі;

— денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының дезинфекторлары мен дезинфектор-нұсқаушылары үшін).

Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау және (немесе) сақтау бойынша объектінің (объектілердің) сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі (бұдан әрі – Қорытынды) СЭБ департаментінің аумақтық басқармалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сай береді.

Рұқсат беру бақылауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады. Рұқсаттық бақылау барысында (рұқсаттық бақылау объектілеріне бару уақытында) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» сай тексереді.

Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау бойынша қоймалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»  № ҚР ДСМ-68 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» № ҚР ДСМ-72 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» № ҚР ДСМ-2 бұйрығының талаптарына сәйкес келу қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» № ҚР ДСМ-2 бұйрығының 9 тармағына сай, санитариялық-қорғаныш аймақтары (бұдан әрі – СҚА) ең аз өлшемі жүйелі түрде әзірленеді: атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ және басқа физикалық факторлар) деңгейлерін және атмосфералық ауаның ластанып таралуының есептеулері және (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауы бар жоба негізінде айқындалатын алдын ала (есептік) СҚА; есептеу параметрлерін растау үшін заттай зерттеулердің және өлшеулердің жылдық циклінің нәтижелері бар жоба негізінде айқындалатын белгіленген (түпкілікті) СҚА.

 

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары – С.Қ. Алибаева